Астанада «Night Run» түнгі жүгіру марафоны өтеді
Астанада 5 қыркүйек күні «Night Run» бұқаралық түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркелу 2 қыркүйектен бастап reg.elordasport.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектелген. Қатысу тегін.
Бұқаралық спорттық іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеп, тұрғындарды тұрақты түрде спортпен айналысуға тарту. Соңғы жылдары елордада жүгіруге қызығушылық танытып, бұқаралық спорттық бастамаларға қатысатын тұрғындар қатары артып келеді.
Тіркеуден өткен қатысушылар жарыс күні, 5 қыркүйекте сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін Триатлон саябағынан жарыс нөмірі мен лотерея билетін ала алады.
Айта кетейік, іс-шара кезінде қала көшелері жабылмайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.
Сонымен қатар, Астанада 5 қыркүйек күні онкологиялық аурумен күресіп жатқан балаларды қолдауға арналған RUN FOR ONCOKIDS 2026 қайырымдылық марафоны өтеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қыркүйек 2026