Қайрат Сатыбалдының қонақүйі IT-хабқа айналады
Алматыда Қайрат Сатыбалды мемлекетке сыйға тартқан Есентай өзенінің жағасындағы бұрынғы қонақүй ғимараты бұзылмайды. Нысан күрделі жөндеуден өтіп, IT-хаб ретінде пайдаланылмақ.
Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, бұған дейін нысанның жағдайы қанағаттанарлықсыз болған. Дегенмен билік ғимаратты бұзудың орнына, бос тұрған нысанды қаланың қажеті үшін пайдаланбақшы. Яғни жоба аяқталған соң ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесін Алматы қаласының Цифрландыру басқармасына беру жоспарланған.
«Алдағы уақытта нысан цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ IT, AI, креативті индустриялар және басқа да сабақтас бағыттарда жұмыс істейтін резиденттерді орналастыруға пайдаланылады», – деп жазылған ведомство жауабында.
Қазір ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар оның қасбеті мен терезе ойықтарын қалпына келтіріп, ішкі бөлмелерін жөндеп, айналасын абаттандырады. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін нысан пайдалануға беріледі. Жобаның инвесторы – LeanQor ЖШС. Жөндеуге және басқа да қажетті жұмыстарға жұмсалатын шығынды инвестор өз қаражаты есебінен өтейді.
Еске салайық, биыл көктемде қала әкімдігі Алматыда 70 мың шаршы метрлік IT-парк пен жаңа AI-Hub ашылатынын хабарлаған. Алматы AI-Hub осы жылы қарашада ашылуы керек.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 31
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 қыркүйек 2026