Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері түзету мекемесіне барды

kz.otyrar.kz

Шымкентте жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері түзету мекемесіне барды

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілеріне арналған профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шараны Шымкент гарнизонының тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің және әскери полиция бөлімінің офицерлері ұйымдастырды. Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар аясында өткізілді.Іс-шара барысында әскери қызметшілер ҚАЖК №31 түзету мекемесіне барып, мекеменің ішкі тәртібімен, жазасын өтеп жатқан адамдарды ұстау жағдайларымен, сондай-ақ режимді сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктерімен танысты.Профилактикалық кездесудің негізгі мақсаты – пара алу, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігін түсіндіру. Қатысушыларға нақты мысалдар арқылы заң талаптарын бұзудың қандай салдарға әкелуі мүмкін екені көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар әскери қызметшілерге құқық бұзушылықтың салдарын нақты түсінуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын қатаң сақтауға деген жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.– Мұндай іс-шаралардың мақсаты – әскери қызметшілерді қорқыту емес, заң талаптарын бұзудың нақты салдарын көрсету. Басшылардың өздері түзету мекемесіндегі жағдайды көріп, алған әсерін бағынысты әскери қызметшілерге жеткізуі маңызды. Бұл сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және заң талаптарын сақтауға ықпал етеді, – деді іс-шараны ұйымдастырушылар.Түзету мекемесіне кірер алдында әскери қызметшілер белгіленген бақылау және тексеру рәсімдерінен өтті. Оларға нысан аумағындағы қауіпсіздік талаптары, жүріп-тұру және тәртіп ережелері түсіндірілді.

Экскурсия барысында әскери қызметшілер жатын орындарды, асхананы және серуендеу алаңын аралап, мекемеде ұсталатын адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру тәртібі туралы ақпарат алды.Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа деген ымырасыз көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар