Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

US Open 2026: Елена Рыбакинаның алғашқы матчын қайдан көруге болады

kz.kursiv.media

US Open 2026: Елена Рыбакинаның алғашқы матчын қайдан көруге болады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open 2026) алғашқы айналымында алаңға шығады. Оның қарсыласы – турнирге арнайы шақырту (wild card) алған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродин (WTA рейтингінде 585-орын).

Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Ойынның тікелей көрсетілімін Sport Plus Qazaqstan телеарнасы мен ресми сайтынан тамашалауға болады.

Елена Рыбакина үшін бұл турнир Цинциннатидегі (АҚШ) «1000» санатындағы жарыстан кейінгі алғашқы турнир болып отыр. Цинциннатиде ол ширек финалда Ига Швёнтекке (8-орын) қарсы ойында бірінші сетте (1:4 есебі кезінде) алған жарақатына байланысты кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған еді.

Егер Рыбакина бұл кездесуде жеңіске жетсе, екінші айналымда Дарья Видманова (Чехия) — Джессика Бузас Манейро (Испания) жубының жеңімпазымен кездеседі. Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша Еленаның WTA рейтингінде көш бастап, әлемнің 1-ші ракеткасы атануға мүмкіндігі бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар