Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Hyundai-дің жаңа жол талғамайтын көлігі орнында бұрылады: алғашқы суреті жарияланды

kz.kursiv.media

Hyundai-дің жаңа жол талғамайтын көлігі орнында бұрылады: алғашқы суреті жарияланды

Hyundai Нью-Йорктегі автосалонда Boulder моделінің болашақ нұсқасын таныстырды. Компания оны рамалы платформасының демонстрациялық үлгісі ретінде көрсетті. Сонымен қатар Hyundai осы архитектура негізінде АҚШ нарығына арналған орта өлшемді пикап жасалатынын ресми түрде растады.

Hyundai жаңа рамалы жол талғамайтын көлік шығаруы ықтимал. Ол Ford Bronco және Jeep Wrangler модельдеріне бәсекелес болады деп күтіледі.

Бұған Carscoops жариялаған патенттік сурет дәлел болуы мүмкін. Басылымның мәліметінше, суретте Boulder концептісінің сериялық нұсқасының дизайны көрсетілген болуы ықтимал.

Патенттік суретке қарағанда, болашақ SUV концептідегі бұрышты шанақ пішінін сақтайды. Сондай-ақ көлікте көлемді дөңгелек аркалары, қысқа артқы бөлігі және бесінші есікке орнатылған қосалқы дөңгелек болады.

Көліктің сыртқы дизайны оның Ford Bronco және Jeep Wrangler модельдерімен бәсекелесуге бағытталғанын аңғартады.

Мұндағы басты ерекшелік – көліктің құрылымы. Hyundai алдағы модельдеріне арналған толық рамалы жеке платформасын әзірлеп жатқанын бұған дейін растаған. Алайда Boulder моделінің сериялық нұсқасы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Сондықтан компанияның дәл осы жол талғамайтын көлікті шығаратыны әзірге тек болжам болып отыр.

Жолсыз жерге арналған нұсқада толық жетек, алдыңғы және артқы дифференциалдарды бұғаттау жүйесі, төмендетілген беріліс және көлікті орнында бұруға мүмкіндік беретін жүйе болады деп болжанып отыр. Алайда қуат қондырғыларының нақты түрлері әзірге расталған жоқ. БАҚ өкілдері гибрид және электр нұсқалары, ал кейбір нарықтар үшін дизельді нұсқа пайда болуы мүмкін деп болжап отыр.

Осылайша, Hyundai рамалы көліктер сегментіне шығатынын іс жүзінде көрсетіп отыр. Дегенмен әзірге ресми расталған алғашқы жоба – пикап. Ал Boulder базасындағы сериялық жол талғамайтын көлік әзірге тек патенттік суреттен байқалады.

Еске салайық, Оңтүстік Кореяда Hyundai Motor компаниясының 40 мыңға жуық жұмысшысы кейінгі 10 жылда алғаш рет жаппай ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеруді талап етіп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар