Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстаннан шетелге бір айда 56 млрд теңге аударылған

kz.kursiv.media

Қазақстаннан шетелге бір айда 56 млрд теңге аударылған

Қазақстандықтар сыртқа аударатын қаражат көлемі елге шетелден түсетін қаржыдан үш есе көп. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, шілде айында халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы елден 56,3 млрд теңге аударылған. Бұл маусым айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз.

Жөнелтілген қаражаттың негізгі бөлігі Өзбекстан (20,3 млрд теңге немесе 36,1%) мен Ресейге (17,1 млрд теңге немесе 30,4%) кетті. Сондай-ақ Түркия, Грузия мен Қырғызстан да алғашқы бестікті түйіндеп тұр.

Ал шетелдерден Қазақстанға аударылған қаржы көлемі шілдеде 15,9 млрд теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеді. Елге келген қаражаттың басым үлесі АҚШ (2,95 млрд теңге) пен Ресейден (2,85 млрд теңге) түсті.

Сонымен қатар үздік бестікке Түркия, Өзбекстан және Германия кірген. Осылайша, елден сыртқа шыққан ақша көлемі ішке кірген қаражаттан үш есе артық болды.

Бұл саладағы көрсеткіштердің құлдырауына батыс елдерінің «Золотая корона» халықаралық төлем жүйесіне салған санкциялары әсер етті. Шілденің соңында күшіне енген бұл шектеу нарықтағы жалпы транзакция көлемін айтарлықтай азайтты.

Соның салдарынан «Золотая коронаның» Қазақстан нарығындағы үлесі төмендеп, оның орнын Western Union мен MoneyGram сияқты халықаралық жүйелер баса бастады.

Мамыр айында Қазақстаннан шетелге аударылған ақша сырттан түскен қаржыдан 3,6 есе көп болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар