Жамбыл облысында қоқыстан шақалақ табылды
Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала тірі табылды. Қазір оның жағдайын дәрігерлер бақылап жатыр.
Kazinform ақпаратына қарағанда, полиция оның анасын іздестіріп жатыр.
Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизонының аумағында болған. Табылғаннан кейін сәби медициналық мекемеге орналастырылды.
«Жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Баланың анасының жеке басын анықтауға және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу жүріп жатқанда, жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында қалады. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ал Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестеге Батыр есімі берілген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қыркүйек 2026