Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жалған есеп қағазын жазған: Астана тұрғыны мемлекетке 304 млн теңге қайтарды

kz.kursiv.media

Жалған есеп қағазын жазған: Астана тұрғыны мемлекетке 304 млн теңге қайтарды

Елорда прокуратурасы мемлекет есебіне қаражат өндіріп алу жұмысын күшейтті. Сондай істердің бірі бойынша жалған шот-фактура жазып берген Астана тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Астана қаласының прокуратурасы 2026 жылдың басынан бері мемлекет кірісіне жалпы сомасы 9,8 млрд теңге өндіріп алу туралы 11 талап енгізген.

Солардың бірі бойынша Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот Астана тұрғынын жалған шот-фактура жазып бергені үшін кінәлі деп таныды.

Сот анықтағандай, 2021-2022 жылдары сотталған азамат өзі басқарған ЖШС атынан нақты жұмыс атқармай не қызмет көрсетпей, жалған электронды шот-фактура жазған. Соның салдарынан мемлекет бюджетіне тиісті салық төленбеген.

Осыған байланысты қала прокуратурасы мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап қойды. Сот прокурордың талабын қанағаттандырып, сотталған азаматтан мемлекет есебіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірді.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған еді. Мекеме бухгалтері өз шотына ақшаны заңсыз аударып отырған. Жымқырылған 10 млн қаржы мемлекетке қайтарылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар