Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

22 тонна синтетикалық май тиелген жүк көлігі өртенген

kz.otyrar.kz

22 тонна синтетикалық май тиелген жүк көлігі өртенген

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында ірі өрт оқиғасы болды. Рабат ауылынан 8 шақырым жерде, республикалық маңызы бар «Алматы–Термез–Ташкент» автожолында тіркемесі бар жүк көлігі өртеніп, жалын шамамен 1 гектар құрғақ шөпті шарпыған.

Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толықтай жанып кетті. Майдың бір бөлігі жолдың жүру бөлігіне төгілген.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында жол қызметінің мамандары төгілген майдың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы жұмыстар шамамен 500 метр жол учаскесін қамтуда.

Өртті жоюға ТЖМ-нің 20 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Жол бойындағы өрт салдарынан көлік қозғалысына қауіп төнген. Жүргізушілерден осы аумақта барынша сақ болу сұралады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар