Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдің бірқатар облысына аптап ыстық қайта оралады

kz.kursiv.media

Елдің бірқатар облысына аптап ыстық қайта оралады

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге, 3-5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kursiv.media.

Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы қалыптасып, ауа райы негізінен құрғақ әрі бұлтсыз болады.

Суық ауа массасының әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа райы салқын болады.

Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы келесі облыстарда күтіледі:

Елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде термометр бағаны +28…+33°С-қа дейін көтерілсе, солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында температура +23…+30°С аралығында болады.

Ал оңтүстік-шығыста ауа райы +20…+27°С-қа дейін жылынады, алайда осы өңірдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында температура +10…+15°С деңгейінде сақталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар