Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Абай ұлттық мектебіндегі» дау: министрлік жағдайды өз бақылауына алды

kz.kursiv.media

«Абай ұлттық мектебіндегі» дау: министрлік жағдайды өз бақылауына алды

Еліміздегі ұлттық мәртебеге ие бірегей білім ордасы – «Абай ұлттық мектебінің» төңірегінде туындаған мәселе Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің тікелей бақылауына алынды.

Бұған дейін БАҚ беттерінде мектеп түлектерінің жанайқайы жарияланып, мектептің оқу процесіндегі жүйесіздік, кадр тапшылығы және жаңа ғимараттағы коммуналдық-техникалық түйткілдерге қатысты қоғамның назарын аудару сұралған болатын.

Оқу-ағарту министрлігі берген ресми жауапқа сәйкес, мектеп басшысыз қалған жоқ – қазіргі уақытта директордың міндетін атқарушы белгіленіп, оқу процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етілген. Ал мектептің бұрынғы басшылығы 2026 жылғы мамыр-маусым айларында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттен кейін өз еркімен қызметінен кеткен.

Аудит 2023 жылдың басынан 2025 жылдың соңына дейінгі аралықты қамтып, нәтижесінде 10,8 миллиард теңгеден астам бұзушылық анықталды: 10,4 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар (оның 10,2 млн теңгесі бюджетке қайтарылуы, ал 10,4 млрд теңгесі қалпына келтірілуі тиіс), 370,6 млн теңге – рәсімдік бұзушылықтар.

Аудит қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына 4 материал жолданып, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 24 айыппұл салуға қатысты құжаттар жіберілген. Нақты тұлғалардың кінәсі мен жауапкершілігін енді уәкілетті органдар анықтайды.

Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, мектепке тұрақты директордың тағайындалмау себебі – 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның талаптарымен тікелей байланысты.

Заңның 89-бабына сәйкес, мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық лауазымдарға қабылдау тек конкурс арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Қазіргі таңда конкурсты өткізу қағидалары бекітілу рәсімінен өтіп жатыр. Тиісті ереже күшіне енбейінше, министрліктің конкурс өткізуге де, директорды тікелей тағайындауға да құқықтық негізі жоқ. Қағидалар ресми түрде бекітілген бойда бос лауазымға ашық конкурс жарияланбақ.

Қазіргі уақытта «Абай ұлттық мектебінде» оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау және қордаланған түйткілдерді шешу үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында:

Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары Елнар Сабыр, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Гүлшат Мұхтарханова бар.

Министрлік өкілдері ата-аналарды, педагогтерді, оқушылар мен түлектерді тек ресми ақпаратқа сүйенуге, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға чақырады. Аралау мен бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Еске сала кетейік, «Абай ұлттық мектебінің» жаңа ғимараты биыл мамыр айында ғана ашылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар