Ауыл тұрғынының үйінен бірнеше заңсыз қару мен оқ-дәрі табылды
ШҚО-да полицейлер заңсыз қару-жарақ арсеналын анықтады
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз қару-жарақ арсеналын анықтады.
Polisia.kz хабарлауынша, ауылдық жерде тұратын 52 жастағы тұрғынның үйін тексеру кезінде полицейлер қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі. Олардың қатарында тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан жасалған бір ұңғылы кесінді, сигналдық револьвер және 50-ге жуық патрон бар.
Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
«Қару немесе оқ-дәрілер табылған жағдайда оларға қол тигізуге немесе өз бетінше орнын ауыстыруға болмайды. Мұндай жағдайда дереу полицияға хабарлау қажет», – делінген хабарламада.
Кез келген қару заңнамада белгіленген тәртіппен ғана сақталуы және пайдаланылуы тиіс.
Айта кететін жайт, Алматыда тұтас қару-жарақ арсеналы жасырынған орын анықталды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қыркүйек 2026