Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан әке мен қызы сотталды

kz.kursiv.media

Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан әке мен қызы сотталды

Көкшетауда синтетикалық есірткіні заңсыз сатып алып, сақтап, таратқан әке мен қызы сотталды деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тергеу мәліметінше, сәуір айында 20 жастағы Көкшетау тұрғыны аса ірі мөлшерде психотроптық зат сатып алған. Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

Тергеу барысында қыздың әкесі де заңсыз іске араласқаны анықталды. Ресми жұмысы болмаған ер адам әлеуметтік желіден ақша табу туралы хабарландыру көріп, есірткі салынған орамаларды арнайы орындарға жеткізіп, жасырын тастап кетуге келіскен.

Полиция оны қылмыс үстінде ұстады. Жедел іс-шара кезінде ер адамның жанынан синтетикалық есірткі салынған 30 орама тәркіленді.

Сот 20 жастағы қызды 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Алайда рақымшылық туралы заң қолданылып, жаза мерзімі қысқартылып, оған түпкілікті 2 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал оның әкесіне 5 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ер адамның жесір қалғаны және кәмелетке толмаған баласын өзі тәрбиелеп отырғаны ескеріліп, сот жазаны орындауды үш жылға кейінге қалдырды.

Полиция әлеуметтік желідегі «оңай ақша табу» туралы күмәнді ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Декретте отырған әйел пәтерін есірткі қоймасына айналдырған

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар