Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

kz.kursiv.media

Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялау жоспарланып отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, қазір ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы дайын.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.

«Биыл жыл басында Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың техникалық жағдайын жақсартуға, су ысырабының көлемін азайтуға және облыстағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы – 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады. Каналды реконструкциялау оның су өткізу қуатын жобалық көрсеткіштерге жеткізіп, Алматы облысындағы суармалы жерлерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Үлкен Алматы каналы облыс пен мегаполис аумағында орналасқан. Ол Іле Алатаудан бастау алып, Талғар және Өтеген батыр ауылдарына дейін созылып жатыр.

Қонаев атындағы канал 1980-жылдары салынған. Оның құрылысына 3,5 жыл кеткен. Маңызды нысанға 270 млн совет сомы жұмсалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар