Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Mitsubishi әйгілі Pajero-ның жаңа буынын таныстырды

kz.kursiv.media

Mitsubishi әйгілі Pajero-ның жаңа буынын таныстырды

Mitsubishi компаниясы жаңа буындағы Pajero моделін ресми түрде таныстырды. Бірнеше жыл үзілістен кейін қайта оралған әйгілі модель енді брендтің флагмандық жол талғамайтын көлігі мәртебесіне ие болды. Жаңа Pajero алдымен Таиландта сатылымға шығады. Кейін модель Жапония мен Аустралия нарығына жол тартады. Ал 2027 қаржы жылынан бастап оны әлемнің шамамен 100 нарығына шығару жоспарланып отыр.

Жаңа Pajero дәстүрлі жол талғамайтын көлік концепциясын сақтап қалды. Автомобиль берік сатылы рамаға негізделген, ал алдыңғы бөлігінде тәуелсіз аспа қолданылған.

Сонымен қатар жаңа модель Mitsubishi-дің фирмалық Super All-Wheel Control (S-AWC) толық жетек жүйесімен жабдықталған.

Асфальттан тыс жерде сенімді жүруге Super Select 4WD-II толық жетек жүйесі жауап береді. Ол төрт жұмыс режимімен жабдықталған. Бұл жүйе толыққанды 4×4 жетегінің мүмкіндіктерін қала ішіндегі жүріс жайлылығымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Mitsubishi Pajero моделін тек жол талғамайтын қабілеті жоғары көлік ретінде ғана емес, жайлы автомобиль ретінде де жасауды көздеген. Салонда 14,3 дюймдік екі экран, үш қатарлы жеті орындық орындықтар конфигурациясы және сапалы материалдар пайда болды. Ал сыртқы дизайнында Pajero-ның бұрынғы буындарына тән танымал элементтер сақталған.

Жаңа Pajero турбина геометриясы реттелетін 2,4 литрлік дизельді қозғалтқышпен жабдықталған. Оның ең жоғары айналу моменті 480 Нм. Компания қозғалтқыштың қуатын әзірге жариялаған жоқ. Қозғалтқыш спорттық режимі бар жаңа 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптасады.

Жол талғамайтын көліктің өлшемдері де үлкейген. Оның ұзындығы 4920 мм, ені 1925 мм, биіктігі 1910 мм, ал доңғалақ базасы 2870 мм болды. Жерден биіктігі 230 мм, кіру бұрышы – 30,4 градус, шығу бұрышы – 25,8 градус.

«Pajero» моделі алғаш рет 1982 жылы таныстырылды. Төрт буын ішінде оның шамамен 3,3 млн данасы сатылып, автомобиль әлемнің 170-тен астам елі мен аймағында танымал болды. Енді жапондық өндіруші бұрынғы модельдің классикалық тұжырымдамасын заманауи жайлылық пен жаңа деңгейдегі жабдықтармен үйлестірді.

«Жаңартылған Pajero одан әрі жетілдірілді. Бұл – жүргізушілер кез келген жағдайда сенім арта алатын премиум жол талғамайтын көлік», – деді Mitsubishi Motors компаниясының президенті әрі операциялық директоры Кэйсукэ Кисиура.

йта кетейік, Қазақстанда 7 млн теңгеге дейінгі жүрілген көліктер арасында жапон кроссоверлері мен корей седандары көш бастап тұр. Олардың басым көпшілігі жүргізушілердің сенімін ақтаған сенімді көліктер. 5,5-7 млн теңге бюджетінде ең өтімді модельдер қатарында Mitsubishi ASX және Mitsubishi Outlander бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар