Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Электр жарығының тарифтері тағы да қымбаттауы мүмкін

kz.kursiv.media

Электр жарығының тарифтері тағы да қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда электр энергиясының тарифтері тағы өзгереді. Энергетика министрлігі 60 энергия өндіруші компания үшін шекті тарифтерді қайта қарауды ұсынды. Ал жаңа бағаларды 10 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.

Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 2026 жылдың 6 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жарияланған жобада бағаның нақты қалай өзгеретіні жазылмаған. Министрлік бұл қадамды энергетикалық жабдықтарды жөндеу және жаңартуға қаржы табу қажеттігімен түсіндіріп отыр.

Энергия өндіруші компаниялар қолданыстағы шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. Ведомство бұл өзгеріс энергожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Қарапайым тілмен айтқанда, энергокомпанияларға инфрақұрылымын жаңғырту үшін көбірек қаржылық мүмкіндік берілмек, ал бұл тұтынушылардың шығыны арта түседі дегенді білдіреді.

Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Егер жоба мақұлданса, түзетілген тарифтер 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Ұлттық статистика бюросының шілде айындағы мәліметінше, ел бойынша 1 кВт·сағ электр энергиясының орташа бағасы 25,09 теңге болған.

Бұған дейін KEGOC компаниясын күзден бастап электр энергиясы тарифтерін көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар