Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушылар мен студенттерге 1 млн теңге: Қарағандыда бизнес-байқау басталды

kz.kursiv.media

Оқушылар мен студенттерге 1 млн теңге: Қарағандыда бизнес-байқау басталды

Қарағанды облысында оқушылар мен колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауы өтеді. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеден беріледі деп хабарлайды Kursiv.Media.

Байқауға 18 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар жобаларын төрт бағыттың бірі бойынша ұсынуы керек:

Байқауды Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі екінші рет ұйымдастырып отыр. Алдымен сарапшылар байқауға түскен жобалардың ішінен үздік 20 жобаны таңдайды. Финалға өткен қатысушылар өз идеяларын байқау комиссиясының алдында қорғайды.

Әр бағыт бойынша бір жеңімпаз анықталып, барлығы төрт жобаға 1 млн теңгеден беріледі. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге.

Өтінімдер 22 қыркүйекке дейін қабылданады. Қатысу үшін өтінім мен жоба сипаттамасын zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.

Байқау қорытындысы 29 қазанда Кәсіпкерлер күніне орай жарияланады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар