Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АИТВ-мен өмір сүретін ана дені сау баланы дүниеге әкеле алады

kz.otyrar.kz

АИТВ-мен өмір сүретін ана дені сау баланы дүниеге әкеле алады

Адамның иммун тапшылығы вирусы (әрі қарай АИТВ) диагнозы — ана болу мүмкіндігінен айырылу деген сөз емес. Қазіргі заманғы медицина мен тиімді антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің жүктілікті жоспарлап, дені сау бала дүниеге әкелу мүмкіндігі өте жоғары.

АИТВ анадан балаға беріле ме?

АИТВ жүктілік кезінде, босану барысында немесе емізу кезінде анадан балаға берілуі мүмкін. Бірақ қажетті профилактикалық шаралар сақталса, бұл қауіп айтарлықтай төмендейді.

Ең маңызды факторлардың бірі — ананың вирустық жүктемесін бақылауда ұстау. Антиретровирустық терапияны тұрақты қабылдау нәтижесінде қандағы вирус мөлшері өте төмен, тіпті анықталмайтын деңгейге дейін түсуі мүмкін. Емдеу хаттамаларында зиянды әсері өте төмен, сертификатталған, сапалы, препараттар қолданылады. Қазақстан Республикасында антиретровирустық препараттар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тегін босатылады.

Жүктілікке қалай дайындалу керек?

АИТВ-мен өмір сүретін әйел жүктілікті жоспарламас бұрын инфекционист дәрігер және акушер-гинекологпен кеңескені дұрыс. Дәрігер: ананың денсаулық жағдайын бағалайды, антиретровирустық терапияны қарастырады. вирустық жүктемені тексереді, қажет зерттеулерді тағайындайды, жүктілікті жүргізу жоспарын жасайды.

АИТВ-ға қарсы дәрілерді өздігінен тоқтатуға немесе өзгертуге болмайды.

Бала дені сау болып туыла ала ма?

Иә, АИТВ-мен өмір сүретін анадан АИТВ-сыз бала дүниеге келуі әбден мүмкін.

Ол үшін жүктілік кезінде емді үзбей қабылдау, дәрігер бақылауында болу және босану мен нәрестеге профилактика бойынша медициналық ұсыныстарды орындау өте маңызды.

Бала туғаннан кейін де нәресте арнайы бақылауда болады және қажетті профилактикалық ем алады.

Ең бастысы — қорқыныш емес, дұрыс ақпарат.

АИТВ — өмірдің соңы емес. Дұрыс ем қабылдап, дәрігердің ұсыныстарын орындаған әйел толыққанды өмір сүре алады, отбасы құрып, ана бола алады.

Сондықтан АИТВ диагнозы бар әйел жүктілікті жоспарлаудан қорықпауы керек. Ең маңыздысы — жүктілікті саналы түрде жоспарлау және медициналық бақылауда болу.

АИТВ-мен өмір сүру — ана болу мүмкіндігінен айырылу емес. Дұрыс ем мен медициналық бақылау дені сау ұрпақ дүниеге әкелуге мүмкіндік береді.

Меруерт Умирзахова,

Шымкент қаласының ДСБ ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі орталығының инфекционист дәрігері

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар