Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

kz.kursiv.media

Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұған жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп.

«ҚазАвтожол» ақпаратынша, шектеу Көктерек және Ақсай ауылдарының аралығында енгізілмек.

«2026 жылғы 3 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап Алматы облысында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты KZ05-10 «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» автомобиль жолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылы) 51-шақырымына (Ақсай ауылы) дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Аталған учаскеде көліктер үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылмақ. Айналма бағыт республикалық маңызы бар «Алматы – Қонаев», «Қонаев – Құрты», «Алматы – Шелек – Қорғас» және жергілікті маңызы бар «Байсерке – Әли» автомобиль жолдары арқылы іске асырылады.

Компания мәліметінше, жолды 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Мұның алдында «ҚазАвтоЖол» «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Ақсай» автомобиль жолының 18–51 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар