Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт қайта мас болып рөлге отырды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт қайта мас болып рөлге отырды

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылған 24 жастағы ер адам үш ай өтпей қайта рөлге отырған. Жүргізуші мас болған және полицияның тоқтау туралы талабын орындамаған деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға 2 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00 шамасында Сартай батыр көшесінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Avensis көлігін тоқтатуға тырысқанмен, жүргізуші полиция талабына қарамай, әрі қарай жүре береді.

Полицейлер көлікті қуып жетіп, тоқтатқанда, рөлде 24 жастағы жергілікті тұрғын отырған. Тексеру кезінде оның мас болғаны анықталды.

Ер адам 8 маусымда сот шешімімен жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда үш айға жетпей қайтадан көлік тізгінінде отырған.

Қазір машина коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізуші ұсталып, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталып, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңға сәйкес, бұл әрекеті үшін ақтөбелік жігіт үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Мас болып көлік айдағандарға жауапкершілік күшейтіледі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар