Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 100 теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтті

kz.kursiv.media

Қазақстанда 100 теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтті

Қазақстандағы 124 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінде 100 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Нысандардың техникалық жағдайына қарай қолданыстағы ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, кейбір елді-мекендерде жаңа жолаушылар кешендері салынды.

Бірқатар нысандарда ғимараттардың аумағы кеңейтіліп, көтергіш құрылымдары күшейтілді, конкорстар салынды, жолаушылар платформалары мен аялдау павильондары қайта жаңғыртылды.

Қайта жаңғырту аясында барлық нысандарда шатыр мен қасбеттер жаңартылып, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау, байланыс жүйелері ауыстырылды. Сондай-ақ нысандарда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды.

Вокзалдар заманауи жиһаздармен және навигациялық жүйелермен, желдету және ауа баптау жүйелерімен, бейнебақылау, өрт және күзет дабылдарымен, сондай-ақ кіруді бақылау жүйелерімен жабдықталуда. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында интроскоптар мен металл іздегіштер орнатылып жатыр.

Бұған дейін Үкімет 2026 жылы 124 вокзалдың 121-іне реконструкциялау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған еді. Тағы үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар