Қазақстандықтар газға 100 миллиард теңгеден астам қарыз
Қазақстандықтардың газ тұтынудағы қарызы 100 миллиард теңгеден асты. Оның ішінде тауарлық газға ең көп қарыз болған «QazaqGaz Aimaq» компаниясының тұтынушыларына. Олардың жалпы берешегі 73,65 миллиард теңгеге жетті.
QazaqGaz Aimaq компаниясы Tengri Home басылымына 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы газ қарызының статистикасын ұсынды.
Компания мәліметінше, 2026 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы тұтынушылардың тауарлық газ үшін жалпы қарызы 102,6 миллиард теңгені құрады.
Ірі борышкерлер қатарында энергетика, жылу энергетикасы және коммуналдық сала кәсіпорындары бар.
Ең үлкен қарыз Маңғыстаудың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тұрғындарын электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз ететін «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-не (МАЭК) тиесілі. МАЭК қарызы 36 миллиард теңгені құрайды.
Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл сома Алматы қаласы мен Алматы облысының барлық тұтынушыларының электр энергиясы үшін жинаған жалпы қарызымен шамалас.
Қарыз көлемі бойынша екінші орында «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ тұр.
Энергетикалық кәсіпорындар арасындағы ірі борышкерлердің жалпы тізімі келесідей:
Мамандар не дейді?
Газды тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын қазақстандықтардың тауарлық газ үшін жинаған қарызы 3 миллиард теңгеден асады.
«Қазақстан халқын газификациялау деңгейі 64 пайызды құрайды. Бұл ретте тұрмыстық тұтынушылардың пайдаланылған тауарлық газ үшін қарызы 3,07 миллиард теңгеге жетті. Қарыз 389,5 мың тұтынушыға тіркелген», – деп хабарлады QazaqGaz Aimaq мамандары.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа көтерме бағасы 33%-ға өсті. Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуына қарағанда, бағаны жаңадан көтеру әзірге жоспарланып отырған жоқ.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026