Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ҚазТрансОйл» ТОН-2 мұнай құбырын кеңейтуге 25 млрд теңге инвестициялайды

kz.kursiv.media

«ҚазТрансОйл» ТОН-2 мұнай құбырын кеңейтуге 25 млрд теңге инвестициялайды

«ҚазТрансОйл» компаниясы Қытай Халық Республикасына Ресей мұнайының транзитін жылына 10 миллион тоннадан 12,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Ол үшін «Туймазы — Омбы — Новосибирск – 2» (ТОН-2) магистральдық мұнай құбырын кеңейтуге 25 миллиард теңге бағыттайды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында өткен Эмитент күнінде белгілі болды.

«Жобаның мақсаты – Ресей мұнайын Қытайға тасымалдайтын «Туймазы — Омбы — Новосибирск-2» мұнай құбырының қазақстандық учаскесін кеңейту. Қазір бұл бағытпен жылына 10 миллион тонна мұнай айдалады. Компания мұнай көлемін тағы 2,5 миллион тоннаға арттыруды жоспарлап отыр», – деді «ҚазТрансОйл» бас директорының орынбасары Әміржан Оспанов KASE алаңындағы Эмитент күнінде сөйлеген сөзінде.

Оның баяндамасы аясында «ҚазТрансОйл» компаниясы «Солтүстік Қызылжар» жаңа мұнай айдау станциясын салуға ниетті екені айтылды.

Құрылыс жұмыстары 2026-2030 жылдарға жоспарланған. Жобаның құны 25 миллиард теңгені құрайды, қаражат компанияның өзінен шығады.

Бұған дейін мамыр айында Қазақстан мен Ресей Қытайға Ресей мұнайының жеткізілімін 2,5 миллион тоннаға, яғни 12,5 миллион тоннаға дейін арттыру жөніндегі келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

Қазақстан 2034 жылға дейін жасалған үкіметаралық келісімге сәйкес ҚХР-ға жыл сайын 10 миллион тонна Ресей мұнайын тасымалдайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбырларының ұлттық операторы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіреді. Оның иелігінде ұзындығы 5,4 мың шақырым болатын әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырлары желісі бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар