Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы арқан тартыстан чемпион атанды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті жеңіске жетіп, қоржынға алтын медаль салды. Отандастарымыз арқан тартыстан 8х8 санаты бойынша өнер көрсетіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы турнир қожайындары Қырғызстанмен бетпе-бет келіп, қарсыластарынан басым түсті.
Арқан тартыс – көшпенділер ойындарының ішіндегі ең тартысты әрі командалық ауызбіршілікті талап ететін негізгі спорт түрлерінің бірі. Ұлттық құраманың бұл жеңісі Қазақстанның жалпы командалық есептегі орнын одан әрі нығайта түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына аударыспақтан 2 алтын, 1 күміс, таяқ тартудан 1 қола және жамбы атудан 1 алтын түскен еді.
Сондай-ақ, қазақстандық көкпаршылар алғашқы ойында жеңіске жетті.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026