Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде порнографиямен айналысқан 14 адам сотталды

kz.kursiv.media

Өскеменде порнографиямен айналысқан 14 адам сотталды

Өскемен қаласында порнография дайындағаны және таратқаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесіне үкім шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында порнографиялық материалдарды дайындау және тарату фактісі бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды.

«Тергеу барысында 2018 жылдан 2024 жылға дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі елдің бірнеше аумағында заңсыз әрекет ете отырып, тұрақты кіріс алғандары анықталды», – делінген ақпаратта.

Мемлекеттік айыптау сотқа сотталушылардың айыпталған қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы бұлтартпас дәлелдер ұсынды.

Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесінің кінәсі толық дәлелденді деп танып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кететін жайт, былтыр Қазақстанда құқыққа қайшы мазмұндағы 100,8 мыңнан астам шетелдік ресурс тіркелген. Олардың дені – порнография.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар