Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамп Ормұз бұғазын өз құрметіне атайтынын мәлімдеді

kz.kursiv.media

Трамп Ормұз бұғазын өз құрметіне атайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазының атауын өзінің құрметіне ауыстырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Енді біз оны бақылауда ұстап отырғанда, Ормұз бұғазын Трамп бұғазы деп қайта атайық па??? Американың өзі сияқты, ол бұрын-соңды болмағандай «биік бола түседі»!» – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Бұған дейін ол бұғаздың АҚШ аумағы ретінде көрсетілген карталарын бірнеше рет жариялаған еді.

АҚШ әскерилері 1 қыркүйекте әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, радиолокациялық жүйелерге, теңіз нысандарына, мина қондырғылары мен байланыс нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Иран Ормұз бұғазының жанындағы бірнеше нысанаға соққы тигенін хабарлады.

Ормұз бұғазының жағалауы үш мемлекетке тиесілі: солтүстік жағалауын толықтай Иран бақылайды, ал оңтүстігі Оман мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында бөлінген.

Бұдан бір күн бұрын АҚШ пен Иран соққылармен алмасқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар