Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Apple компаниясы жаңа бас директордың жалақысын жариялады

kz.kursiv.media

Apple компаниясы жаңа бас директордың жалақысын жариялады

1 қыркүйекте қызметіне кіріскен Apple компаниясының жаңа бас директоры Джон Тернустың жылдық базалық жалақысы 3 млн долларды құрайды.

Ал 2027 жылы жалпы өтемақы пакеті 58 млн долларға жетеді. Бұл деректер технологиялық алпауыттың АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (SEC) тапсырған құжаттарында көрсетілген.Бұл соманың ішінде 55 млн доллар көлеміндегі мақсатты акциялар пакеті бар.

Оның 75%-ы акциялардың S&P 500 индексімен салыстырғандағы табысына байланысты болса, қалған 25%-ы төрт жыл ішінде есептеледі. Сонымен қатар Тернусқа 2026 қаржы жылының қалған кезеңінде компанияны басқарғаны үшін 2,5 млн доллар көлемінде қосымша акциялар пакеті беріледі.

Еске салсақ, Apple корпорациясының басшысы Тим Кук компанияны 15 жыл басқарғаннан кейін бас директор қызметін босатқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар