Атырауда кішкентай екі қыз лотос алқабын өсіріп шығарды (видео)
Атыраулық Шаттық Хами мен Айым Жанкелді есімді бойжеткендер екі жыл бұрын Қытайдың танымал Pinduoduo платформасы арқылы лотос тұқымдарына тапсырыс берген. Бастапқыда өсімдікті аквариумда өсіруге тырысқанымен, нәтиже шықпады.
Амалсыздан, қыздар қалған тұқымдарды үй маңындағы Жайық өзенінің атырауында орналасқан су айдынына шашып жібереді. Арада бір жыл өткенде су бетінде алғашқы жапырақтар пайда болып, биыл лотостар жаппай гүлдей бастаған. Қазіргі таңда бұл өсімдіктер футбол алаңындай аумақты алып жатыр.
Желіде бұл оқиға тез тарап, көпшілік тұрғындар бойжеткендердің әрекетіне сүйсініп, жаңадан пайда болған табиғи бұрышты «Шаттық-Айым» деп атауды ұсынған.
Дегенмен, бұл жаңалыққа экологтар мен мамандар сақтықпен қарап отыр. Өсімдіктің нақты түрі мен шығу тегі әлі толық анықталған жоқ. Тұрғындар арасында бұл Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін «Каспий лотосы» болуы мүмкін деген болжамдар айтылғанымен, ол ақпарат ресми түрде расталмады.
A post shared by БЛОГЕР ЖАНДОС | АТЫРАУ | АКТАУ (@jakeenty)
Биологтар мен экологтар бөтен өсімдік түрлерін (инвазивті түрлер) табиғи бірегей ортаға өз бетінше енгізу жергілікті экожүйенің тепе-теңдігін бұзып, қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты табиғат қорғаушылары Жайық бойында пайда болған лотостардың нақты ботаникалық түрін анықтау үшін арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.
Бұған дейін, тревел-блогер Bydastann Атыраудағы Лотос алқабынан бірнеше видео жариялған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026