Көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды
Қырғыстанның Ыстықкөл жағасында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Отандық балуандар шешуші сындарда жоғары дайындық пен бап көрсете білді: 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысынан мерейі үстем түсіп, жарыс чемпионы атанды.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалдық тартысты бәсекеде қырғыз балуанын 2:1 есебімен ұтып, құрама қоржынына кезекті «алтынды» салды. Бұл ел құрамасының Көшпенділер ойындарындағы алғашқы жүлделері.
Аударыспақ – ат үстіндегі ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты және ерекше физикалық күшті талап ететін қазақтың байырғы дәстүрлі спорт түрі. Соңғы жылдары бұл бұқаралық сипат алып, спортшылардың кәсіби деңгейі артып келеді. Бүгінгі таңда елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.
Айта кетейік, Көшпенділер ойындарында Қазақстан атынан 152 cпортшы сынға түсіп жатыр.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026