Эстонияда жаңа президент сайланды
Эстония парламенті кезектен тыс отырыста елдің жаңа президентін сайлады. Мемлекет басшысы қызметіне Әділет канцлері Юлле Мадизе сайланды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Оны 101 депутаттың 71-і қолдады. Президент болып сайлану үшін парламент мүшелерінің кемінде үштен екісінің, яғни 68 депутаттың қолдауы қажет болған.
Мадизе алты парламенттік партиялар арасында жасалған келісімге сәйкес, жалғыз кандидат ретінде сайланды.
Ол қазіргі президент Алар Каристің орнына келеді. Оның бес жылдық өкілеттік мерзімі биыл қазанда аяқталады. Карис маусым айында екінші мерзімге сайлауға түспейтінін мәлімдеген.
Юлле Мадизе 1974 жылғы 11 желтоқсанда Эстонияда дүниеге келген. Тарту университетінің заң факультетін тәмамдаған. Конституциялық құқық пәнінен Тарту және Таллин техникалық университеттерінде сабақ берген. 2015 жылдан бері Әділет канцлері қызметін атқарып келеді.
Мадизе партияға мүше емес, тәуелсіз тұлға ретінде танымал. БАҚ пен саяси орта оны елдегі оқиғаларға объективті құқықтық баға беруге ұмтылатын заңгер ретінде сипаттайды.
Еске салсақ, Алар Карис 2025 жылы Қазақстанға сапарлап келген еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026