Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлік айдаған оқушы тұрғын үйдің шарбағын қиратты

kz.kursiv.media

Көлік айдаған оқушы тұрғын үйдің шарбағын қиратты

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмаған бала жол талғамайтын көлік айдап, тұрғын үйдің шарбағын соққан, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа сүйенсек, Артиллерийская көшесіндегі қақпа мен тас қоршаулар қираған. Кадрлардан аулаға Nissan Patrol маркалы автокөлігінің кіріп кеткенін көруге болады.

Алматы қалалық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, Nissan-ның кәмелетке толмаған жүргізушісі жеке үйдің шарбағына соғылған. Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 10 шамасында Түрксіб ауданында болды.

«Жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерийская көшесімен қиылыста ол рөлге ие бола алмай, металл шарбақты соққан», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Полиция, сондай-ақ, жасөспірімді көлікті басқаруға жібергені үшін оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар