Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кептеліс пен көшедегі тулар: Алматы Лаос президентін қарсы алуға дайындалып жатыр

kz.kursiv.media

Кептеліс пен көшедегі тулар: Алматы Лаос президентін қарсы алуға дайындалып жатыр

Алматы тұрғындары Әл-Фараби даңғылы мен қаланың орталық көшелерінде үлкен кортеждер мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының мемлекеттік тулары ілінгенін айтып, бейнежазбалармен бөлісіп жатыр.

Отандық ресми органдар тарапынан әлі егжей-тегжейлі хабарлама берілмегенімен, бүгін, 2 қыркүйектен бастап Алматыға Лаостың ресми делегация өкілдері келе бастады. Ал Vientianetimes мәліметінше, Лаос президенті Тонглун Сисулиттің өзі Алматыға ресми сапарымен ертең, 3 қыркүйекте келеді.

Айта кетейік, Лаос президенті 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШҰҰ+) саммитіне қатысқан болатын. Осы сапардың жалғасы ретінде ол Қазақстанға ресми сапармен ат басын бұрмақ.

Екі күнге созылатын (3–4 қыркүйек) сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтіп, Қазақстан мен Лаос арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, 2026 жылдың шілде айында Лаос Шанхай ынтымақтастық ұйымына диалог бойынша әріптес мәртебесінде қосылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар