Кеңес дәуірінде марапатталған көпбалалы аналардың жәрдемақысы қайта қаралуы мүмкін
Кеңес заманында төрт-бес емес, алты және одан да көп баланы өсіріп, төсбелгі таққан аналардың жәрдемақысына қатысты даулы мәселені Конституциялық сот сарапқа салмақ, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Конституциялық сот әлеуметтік кодекстің 93-бабының 1-тармағы мен 94-баптың талаптарын Ата Заңға қаншалықты сай келетінін тексереді.
Мәселені көтерген азаматтың айтуынша, бұрынғы одақ тұсында алты немесе одан да көп бала дүниеге әкеліп, аналық атағы берілгендер қазіргі тәуелсіз елімізде марапатталған аналармен бірдей әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алуы тиіс, яғни құқықтары тең болуы керек.
Бұл мәселенің қалай шешілетіні жақын арада Конституциялық соттың ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланбақ.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026