Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Changan сатылған әр көліктен небәрі 4 жарым мың теңге ғана табыс тапқан

kz.kursiv.media

Changan сатылған әр көліктен небәрі 4 жарым мың теңге ғана табыс тапқан

Changan компаниясы бір автокөлікті сатудан небәрі 68 юань, шамамен 4 600 теңгедей табыс тауып отыр.

Қытай көліктерінің ақпаратынша, мұндай қорытындыға Zaker Finance сарапшылары компанияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелерін зерттеу барысында келген. Бұл көрсеткіш көптеген басқа ірі автокөлік өндірушілермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

28 тамызда China Changan Automobile Group 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелерін жариялады. Компания есепті кезеңді 817 млн юань (55,8 млрд теңге) таза пайдамен аяқтады.

Компанияның жалпы сатылымы – 1 195 600 автокөлік. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,8%-ға төмендеген. Алайда сарапшыларды алаңдатқан мәселе бұл ғана емес екен.

Қаржылық есептегі әртүрлі қосымша баптарды алып тастағаннан кейін сарапшылар Changan-ның бір автокөлікті сатудан түсіретін нақты пайдасы жоғарыда аталған 68 юань, яғни 4 600 теңге ғана деген қорытындыға келген.

Демек, Changan көліктің өзін сатудан өте аз маржа алып отыр. Ал есептік кезеңдегі жалпы пайдасының едәуір бөлігі инвестициялар мен мемлекеттік субсидиялардан келген.

Айта кететін жайт, Changan Қазақстанда жақсы сатылатын CS55 Plus кроссоверінің гибрид түрін шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар