Қызылордада денсаулыққа қауіпті балалар ойыншықтары табылды
Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің сапасына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Жылдың бірінші жартыжылдығында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 өнім үлгісін сатып алып, олардың қауіпсіздік көрсеткіштерін Ұлттық сараптама орталығының зертханасында тексерді.
Белгілеудегі кемшілік мен физикалық қауіп
Тексерілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және өзге де шетелдерден әкелінген. Сараптама нәтижесінде өнімдердің бірінде таңбалау (маркировка) талаптарының бұзылғаны белгілі болды.
«Өнімді таңбалау – тұтынушы үшін маңызды ақпарат көзі. Онда тауардың атауы, өндіруші, құрамы, пайдалану ережелері, жас шектеулері көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар тексеру барысында кейбір ойыншықтардың беті тегіс емес, кедір-бұдыр және өткір қырлары бар екені анықталды. Мұндай кемшіліктер баланың терісін жарақаттауы немесе денсаулығына өзге де қауіп төндіруі мүмкін», – деп хабарлады департамент басшысы Гүлмира Сыздықова.
Ата-аналарға кеңес
Мамандар ойыншық таңдау кезінде тек сыртқы келбетіне емес, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударуды ескертеді. Департамент басшысы ата-аналарға мынадай кеңестер берді:
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропалық одақ цифрлық сауда ережелерін бұзғаны және ЕО аумағында қауіпті тауарларды таратқаны үшін қытайлық Temu маркетплейсіне 200 млн еуро айыппұл салған болатын.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026