Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-тың Иранға соққысынан 11 адам қаза тапты

kz.kursiv.media

АҚШ-тың Иранға соққысынан 11 адам қаза тапты

Иран билігі АҚШ-тың ел аумағына жасаған жаңа соққылары салдарынан 11 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

АҚШ-тың зымырандары елдің оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясындағы нысандарды атқылаған. Хузестан губернаторының қауіпсіздік және құқық қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарының мәліметінше, провинциядағы үш нысанға жасалған соққыдан 7 адам қаза тауып, тағы 8 адам жараланған.

Иранның мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі хабарлағандай, бұған дейін Сириктің оңтүстік ауданында үйлену тойы кезінде жасалған америкалық шабуылдан 5 адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан. Иран Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметінше, 60-тан астам адам жараланған.

Еске салсақ, 31 тамызда АҚШ пен Иран тағы да бір-біріне қарсы шабуыл жасауды бастаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар