Бизнесмен Болат Өтемұратов Монаконың ең қымбат ауданына инвестиция салған
Қазақстандағы ең бай адамдар үштігіне кіретін Болат Өтемұратов Жерорта теңізі жағалауында салынған ең қымбат Mareterra элиталық ауданының құрылысын қаржыландырған жеке инвесторлар тобына кірді. Бұл туралы Forbes Forbes Australia.басылымы жазады.
Аумағы 15 акрды құрайтын жоба Монако жерін теңіз есебінен кеңейту нәтижесінде жүзеге асырылған. Mareterra жобасының құрылысына шамамен 2,3 млрд доллар жұмсалып, құрлысына 11 жыл уақыт кетті.
Алайда аудандағы 130 пәтер мен вилла құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін, яғни 2024 жылдың желтоқсанына дейін сатылып кеткен. Кешендегі жылжымайтын мүлікті сатудан түскен жалпы түсім 6,6 млрд доллардан асты, ал компанияның таза пайдасы 2025 жылдың ортасына қарай 3 млрд долларға жетті. Бұл табыс кейін инвесторлар арасында бөлінген.
Бүгінде Mareterra әлемдегі ең қымбат тұрғын үй аудандарының бірі саналып отыр. Мұндағы баспананың бір шаршы метрі шамамен 139 мың долларға бағаланады.
Өтемұратовтың байлығы қазір 5,4 млрд долларға жеткен. Бизнесмен 2025 жылы Home Credit Bank-ті сатып алу мәмілесін аяқтаған ForteBank-тің 91 пайызына үлесіне иелік етеді.
Бұдан бөлек, Өтемұратов «КаР-Тел» ЖШС-нің (Қазақстандағы Beeline мобильді операторы) 25 пайыз үлесіне, The Ritz-Carlton Astana, Rixos Borovoe және The Carlton, Moscow қонақүйлеріне, сондай-ақ Астана мен Алматыдағы бизнес-орталықтарды басқаратын Global Development девелоперлік компаниясына иелік етеді. Сондай-ақ ол «Нархоз Университеті» мен Булат Өтемұратов қоры арқылы «Haileybury Astana School» КЕАҚ мен «Haileybury Almaty» КЕАҚ жобаларына қатысады.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026