Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-да орман өрті сөндірілді

kz.kursiv.media

БҚО-да орман өрті сөндірілді

2026 жылғы 2 қыркүйекте елдің мемлекеттік орман қоры аумағында бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпаратына сүйенсек, өңірлер бойынша: Батыс Қазақстан облысында 1 өрт тіркелген.

«Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына орман шаруашылығы тарапынан 6 адам, төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің қайта тұтануына жол бермеу және жағдайды бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағдай қатаң бақылауда», – деп хабарлады Экология министрлігі.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Құтқарушылар өрт қаупі бар кезеңде табиғатта демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар орман өртімен күресті жалғастырып жатқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар