Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көк бөрү мен көкпардың айырмашылығы неде

kz.kursiv.media

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көк бөрү мен көкпардың айырмашылығы неде

Бішкекте өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында бүгін көптен күткен көк бөрү мен көкпар бәсекелері басталады. Сырт көзге бір қарағанда екеуі де ат үстіндегі серке тартысы болып көрінгенімен, спорттың бұл екі түрінің ережесі, алаң құрылымы мен тактикасында айтарлықтай айырмашылық бар. Kursiv.Media көшпенділер даласынан шыққан ойындардың басты өзгешеліктерін жазып шықты.

«Көк бөрү» мен «көкпар» – түбі бір, мағынасы ортақ, бірақ географиясы, ережелері мен халықаралық форматы жағынан айырмашылығы бар ұлттық ат спорты түрлері.

Лингвистикалық тұрғыдан «көкпар» сөзі дәл осы «көк бөрү» (көк бөрі) тіркесінен шыққан. Ертеде көшпенділер малға шапқан қасқырды соғып алып, өлексесін ат үстінде таласып тартысқан. Уақыт өте келе бөрінің орнына серке тартылатын болып, ойын атауы өзгерді.

Көк бөрүде алаңның екі шетіне биіктігі 1,2 метр болатын арнайы тас ошақ – тайқазан қойылады. Шабандоз серкені осы тайқазанның ішіне түсіруі тиіс.

Ал көкпарда тайқазан атымен жоқ, оның орнына жерде диаметрі 3 метрлік мәре шеңбері сызылады.

Көк бөрүде атпен қасақана соқтығысуға, қарсыласты күшпен ығыстыруға рұқсат беріледі. Тайқазанға серке салу кезінде де, одан алып шығу барысында да ойын өте қарқынды әрі қатаң өтеді. Ал көкпарда жарақат алу қаупін азайту үшін атпен соғысуға шектеу қойылған, басты екпін шабандоздың техникасы мен ептілігіне түседі.

Көк бөрүде негізінен салмағы 30–35 келіден асатын табиғи серке өлексесі қолданылса, халықаралық көкпар стандарттарында жасанды муляж жиі пайдаланылады. Сонымен қатар, көк бөрү 20 минуттан 3 таймға созылса, көкпар 20 минуттық 2 таймнан тұрады.

Айта кетейік, бүгін Бішкекте көкпар мен көк бөрү ойындары басталады. Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кімдермен ойнайтынын толығырақ мына жерден көре аласыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар