Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҰҚК тергеген істер бойынша 19 адам түрмеге қамалды

kz.kursiv.media

ҰҚК тергеген істер бойынша 19 адам түрмеге қамалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың маусым-шілде айларында жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесін бөлісті. Террористік және экстремистік қылмыс жасағаны дәлелденген 19 адам түрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

2017 жылдан бері халықаралық террористік ұйымдардың ісіне араласып, халықаралық іздеуде жүрген Алматы тумасы Түркияда ұсталған еді. Ол 2025 жылы елге депортацияланып, қамауға алынды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Шымкент тұрғыны желіде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарын зорлық-зомбылық акцияларына шақырғаны үшін 9 жылға сотталды.

Сонымен қатар екі ай ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарында арнайы жедел-іздестіру шаралары өтті. Осының нәтижесінде 28 адам қолға түскен.

Ұсталғандарға терроризмді насихаттады, діни араздық қоздырды, ғаламторда тыйым салынған материалдар таратты және экстремистік ұйымдардың жұмысына қатысты деген айып тағылып отыр.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ал сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 13 адам сотталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар