Сүт фермасындағы алты адамның қазасы: жұмыс беруші 100 пайызға кінәлі болып шықты
Павлодар облысындағы «Aqtogai Milk» ЖШС-де алты жұмысшының өмірін қиған жазатайым оқиға бойынша тексеру аяқталды. Нәтижесінде компания басшысының кінәсі 100 пайыз деп белгіленді.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкіртсутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен.
Павлодар облысының Жоламан ауылында сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізіп жатқан алты адам қаза тапты. Олар бір-бірін құтқару үшін бірінің артынан бірі кәріз құдығына түскен.
Салдарынан алты жұмысшы күкіртсутегіне уланып қаза тапты. Тек 1988 жылы туған бір азамат аман қалып, көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Кейін, сүт фермасында болған қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеретін арнайы комиссия құрылды.
Комиссия жұмысшылардың қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша тиісті оқудан өтпегенін және қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегенін анықтады.
Сонымен қатар кәріз құдығындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, оның ішінде авариялық жағдай туындаған және құтқару жұмыстары жүргізілген кезде қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген.
Үкіметтік комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс беруші – «Aqtogai Milk» ЖШС-нің кінә дәрежесі 100 пайыз деп белгіленді.
Арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары айқындалып, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді.
Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірленді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026