Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайлық компания Абай облысында екі электр станциясын салуға ниетті

kz.kursiv.media

Қытайлық компания Абай облысында екі электр станциясын салуға ниетті

Қытайлық «China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd.» компаниясы Абай облысында екі электр станциясын салуға ниеттеніп отыр.

Облыс әкімі Берік Уәли компания басшыларымен кездесіп, Абай облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр энергиясы тапшылығын азайту және энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Қытайлық компания өңірде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Бірінші жоба Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кенті маңында қуаты 100–200 МВт жел электр станциясын, екінші жоба Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы аумағында күн электр станциясын салуды көздейді.

«China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd» компаниясы электр энергетикалық жүйелерді жоспарлау, инженерлік консалтинг, жобалау, EPC моделі бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ, жел және күн энергетикасы, энергия жинақтау жүйелері, электр желілері мен қосалқы станциялар саласындағы жобаларға маманданған.

Ұсынылған жобалар іске асқан жағдайда өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін қытайлық «Liaoning Hongda Group» компаниясы Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде «Бурабай-Жалғызағаш» тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастады. Комбинатының құрылысына 138 млрд теңге бөлінбек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар