Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СІМ министрі болып Мұхтар Тілеуберді тағайындалды

kz.kursiv.media

СІМ министрі болып Мұхтар Тілеуберді тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ақорданың хабарлауынша, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мұхтар Тілеуберді 1968 жылғы 30 маусымда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе университеті жанындағы Тілдер институтында тәжірибеден өткен. Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бастаған.

Дипломатиялық қызметке 1993 жылы атташе болып кірісті. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және Қазақстанның Корея Республикасы мен Израильдегі дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі қызметтер атқарды. ҚР Президенті Әкімшілігінде де жұмыс істеген.

2003 жылы Сыртқы істер вице-министрі, 2004–2009 жылдары Малайзия, Индонезия, Бруней және Филиппиндегі, 2009 жылдан Швейцария, Лихтенштейн және Ватикандағы Қазақстан елшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде Қазақстанның Тұрақты өкілі болды.

2016–2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары, 2019–2023 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және корей тілдерін меңгерген.

Мұның алдында президент Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар