Қазақстандықтарға неке тіркеуін ұзарту қажет пе
Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы «некені тіркеу мерзімін ұзарту» қажеттілігі туралы алаяқтық ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркелетінін және белгіленген қолданылу мерзімі болмайтынын түсіндірді. Сондықтан оны ұзарту талап етілмейді.
Неке тек ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша ажырасу арқылы немесе заңда көзделген басқа да жағдайларда ғана тоқтатылуы мүмкін.
Некені бұзу тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда некені бұзу мемлекеттік тіркелген күннен бастап, екіншісінде – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Әділет министрлігі мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды.
Шынайы ақпарат алу үшін азаматтарға тек ресми дереккөздерді пайдалану ұсынылады.
Оқи отырыңыз: 200 мың теңгеге той жасаған жастар жұртты сүйсінтті
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026