Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есепте 10 мың кен орны тұр: Қазақстанда қомақты алтын мен күміс қоры табылды

kz.kursiv.media

Есепте 10 мың кен орны тұр: Қазақстанда қомақты алтын мен күміс қоры табылды

Қазақстанның минералды-шикізат базасы айтарлықтай ұлғайып, алтын мен күмістің ірі қоры бар жаңа кен орындары мемлекеттік есепке алынды. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 2024–2025 жылдары 54 жаңа кен орны ресми тіркеуден өткен.

Оның ішінде 40 кен орны – қатты пайдалы қазбаларға, жетеуі – көмірсутек шикізатына, ал қалған жетеуі жер асты суларына тиесілі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жүргізген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде асыл метал қоры 157,2 тонна алтын және 9,4 мың тонна күміспен толықты.

Сонымен қатар есепті кезеңде түсті және қара металдардың да қоры еселей түсті. Нақтырақ айтсақ, геологтар 122,7 мың тонна мыс, 171,9 мың тонна цинк, 114,8 мың тонна қорғасын, 927 мың тонна хром рудасы мен 262,2 млн тонна темір рудасының жаңа көзін анықтады.

Сондай-ақ энергетикалық сектор үшін маңызды 199 млн тонна мұнай мен 22 млрд текше метр газ қоры мемлекеттік балансқа қойылған. Осылайша, Қазақстан бойынша 10 мыңға жуық әртүрлі пайдалы қазбалар кен орны ресми есепте тұр.

Асыл металдардан бөлек, жаһандық нарықта сұранысы жоғары сирек және сирек жер металдарының болжамды қорын анықтау бағытында да маңызды қадамдар жасалды.

Зерттеу бағдарламасына енген учаскелерден 935,4 мың тонна сирек жер металдарының қоры анықталды.

Бұл орайда Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөл учаскесі ең келешегі зор нысан ретінде бағаланып отыр. Сондай-ақ Ырғыз аумағы бойынша да ауқымды қор есепке алынған.

Бұдан өзге, литий, вольфрам және молибден сияқты сирек металдардың да ірі кен орындары анықталған.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елдегі қазбьай байлық өоыр қанша жылға жететінін хабарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар