Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтардың 69%-ы жайлы өмір үшін айына 260 мың теңгеден жоғары табыс қажет

kz.kursiv.media

Қазақстандықтардың 69%-ы жайлы өмір үшін айына 260 мың теңгеден жоғары табыс қажет

Ел тұрғындарының өз өміріне қанағаттану деңгейі біртіндеп өсіп келеді. Дегенмен ел тұрғындарының жартысынан астамы әзірге өміріне ішінара ғана риза екен . 2026 жылы сауалнамаға қатысқандардың 44,9%-ы өміріне толық қанағаттанған, тағы 54,4%-ы ішінара қанағаттанған. Респонденттердің 0,4%-ы өз өміріне көңілі толмайтынын айтса, 0,3%-ы жауап беруге қиналған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Finprom.kz мәліметінше, соңғы бірнеше жылда өміріне толық қанағаттанатын респонденттердің үлесі артқан. 2023 жылы бұл көрсеткіш 41,8% болса, 2024 жылы 43,8%, ал 2026 жылы 44,9%-ға жетті. Осылайша, 2023 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3,1 пайыздық тармаққа өскен.

Сонымен қатар қазақстандықтардың өмірге қанағаттану деңгейі онжылдықтың басындағы көрсеткіштен әлі де төмен. 2021 жылы респонденттердің 61,3%-ы өміріне толық қанағаттанған. Алайда 2022 жылы бұл көрсеткіш 41,3%-ға дейін төмендеді. Одан кейін біртіндеп қалпына келе бастады. Нәтижесінде 2026 жылғы көрсеткіш 2022 жылғы деңгейден 3,6 пайызға жоғары болғанымен, 2021 жылғы көрсеткіштен 16,4 пайызға төмен болып отыр.

Қала мен ауыл тұрғындарының арасында да айырмашылық бар. 2026 жылы ауыл тұрғындарының 48,3%-ы, ал қала тұрғындарының 43,5%-ы өміріне толық қанағаттанған.

Жыныс бойынша да айырмашылық байқалады. 2026 жылы ерлердің 48,7%-ы, әйелдердің 42,5%-ы өміріне толық қанағаттанған. Өміріне ішінара риза болғандардың үлесі ерлер арасында 50,8%, әйелдер арасында 56,7% болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы толық қанағаттану деңгейінің айырмашылығы 6,2 пайыздық тармақты құрады.

Табыс пен өмірге қанағаттану арасында үлкен байланыс бар

Өмірге қанағаттану деңгейі материалдық жағдайға тікелей байланысты болып отыр. 2026 жылы сауалнамаға қатысқандардың 70,1%-ы өздерін орташа деңгейде өмір сүріп жатқандарын айтқан. Тағы 22,9%-ы өз табысын орташа деңгейден сәл жоғары деп санаса, 4,9%-ы өзін салыстырмалы түрде ауқатты деп атаған. Ал 0,1%-ы материалдық жағдайын төмен, 1,7%-ы орташа деңгейден төмен деп бағалаған.

Өзін орташа деңгейде өмір сүремін деп есептейтіндердің арасында өміріне толық қанағаттанатындар 30,5% болды. Табысын орташа деңгейден сәл жоғары деп бағалағандар арасында бұл көрсеткіш 81,7%-ға, ал салыстырмалы түрде ауқатты азаматтар арасында 93,4%-ға жетті. Яғни табыс деңгейіне қарай өмірге қанағаттану көрсеткішінде өте үлкен айырмашылық бар.

Қазақстандықтар жайлы өмір үшін қанша табыс қажет екенін айтты

Қазақстандықтардың өздеріне қажетті табыс деңгейі туралы субъективті бағасы да айтарлықтай жоғары. 2026 жылы респонденттердің ең көп таңдаған жауабы «отбасының әр мүшесіне айына 260 мыңнан 320 мың теңгеге дейінгі табыс табуы керек». Бұл нұсқаны 28,5% адам таңдаған.

Тағы 18,4% респондент 400-500 мың теңге, 12,7% — 150-200 мың теңге, 11,7% — 320-400 мың теңге көлеміндегі табысты атаған. Бір адамға айына 600 мың теңгеден жоғары табыс қажет деп 7,2% респондент есептейді.

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 69,4%-ы отбасының бір мүшесіне айына 260 мың теңгеден жоғары табыс қажет деп санайды. Ал 40,9% үшін қажетті табыс деңгейі 320 мың теңгеден жоғары.

Қалалық жерлерде қажетті табысқа қойылатын субъективті талап жоғарырақ. Мәселен, 400-500 мың теңге аралығындағы табысты қала тұрғындарының 25,2%-ы таңдаса, ауыл тұрғындарының арасында бұл көрсеткіш 12,8% болды.

Бұл екі көрсеткішті тікелей салыстыруға болмайды. Дегенмен олардың арақатынасы халықтың едәуір бөлігінің қажетті табыс деңгейін елдегі орташа жан басына шаққандағы номиналды табыстан жоғары бағалайтынын көрсетеді.

Номиналды табыс өскенімен, нақты өсім небәрі 0,1% болды

2026 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққандағы номиналды табыс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға өсті. Алайда бағаның өсуін ескергендегі нақты табыс өсімі небәрі 0,1% болды. Яғни номиналды табыстың өсімін іс жүзінде инфляция толығымен дерлік жойды.

Осыған байланысты қазақстандықтардың өз әл-ауқатындағы өзгерістерге берген бағасы да аса жоғары емес. 2026 жылы респонденттердің 27,3%-ы өз жағдайының жақсарғанын айтқан, 66,8%-ы өзгеріс болмағанын көрсеткен, ал 5,9%-ы жағдайының нашарлағанын жеткізген.

2024 жылы жағдайының жақсарғанын 30,3% респондент айтса, нашарлағанын 4,3%-ы көрсеткен. Осылайша, әл-ауқаты жақсарғанын айтқандардың үлесі азайып, керісінше жағдайы нашарлағанын атап өткендердің үлесі өскен.

Болашаққа деген үміт жоғары

Қазақстандықтардың болашақтан қазіргіден жақсы өмір сүреміз деп үміттенеді. Респонденттердің 40,3%-ы алдағы уақытта жақсырақ өмір сүретініне сенімді екенін айтқан. Тағы 32,9%-ы толық сенімді болмаса да, жағдайы жақсарады деп күтеді.

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 73,2%-ы болашақта оң өзгерістер болады деп есептейді. Тағы 20,9%-ы қазіргі деңгейде қалуды күтсе, 4,7%-ы жағдайдың біршама нашарлауын, 1,2%-ы өмірінің нашарлайтынын болжаған.

Өмірге қанағаттану деңгейі материалдық жағдайға байланысты. Орташа табысы бар респонденттердің үштен бірінен азы ғана өміріне толық қанағаттанған, ал өзін орташа деңгейден жоғары өмір сүремін дегендер 80%-дан асқан.

Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші тоқсанында номиналды табыстың өсімі бағаның қымбаттауымен іс жүзінде толығымен теңестірілді. Сондықтан халықтың материалдық жағдайын жақсарту үшін табыстың номиналды түрде өсуі ғана емес, оның нақты сатып алу қабілетінің артуы да маңызды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар