Қызылордада нөмірсіз көліктермен кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Қызылордада жол ережесін өрескел бұзып, қала көшелерінде кортеж ұйымдастырған жүргізушілер құрықталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Тәртіп бұзушылардың әрекеті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында әшкере болды.
Бір топ жүргізуші жол жүрісі, маневр жасау және авариялық сигнал беру қағидаларын белден басқан. Тіпті кейбірі автокөлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тізгіндегені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, оқиғаға қатысты 20-35 жас аралығындағы жергілікті тұрғындарды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Барлық құқық бұзушыларға қатысты хаттама толтырылып, заң аясында тиісті шаралар қолданылды. Оның ішінде бір көлік арнайы айып тұрағына қамалды.
Тәртіп сақшылары мұндай заңсыздықтардың салдары ауыр болатынын ескертеді.
«Әсіресе жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет болып табылады және міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу тоқтамайды, бірде-бір факт назардан тыс қалмайды», – деп атап өтті полиция.
Оқи отырыңыз: Көлік айдаған оқушы тұрғын үйдің шарбағын қиратты
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026