Dyson енді тіс щеткасын шығарады
Шаш кептіргіш құралдарымен танымал болған Dyson енді тіс щеткасын шығарады. Ауыз қуысының күтіміне арналған тіс тазалағыш құрал CameraJet деп аталады. Оның басты ерекшелігі – щеткаға шағын камера мен жасанды интеллект жүйесі орнатылған деп хабарлайды Kursiv.Media.
Құрылғының бағасы – 499 доллар. Камера ауыз қуысын көрсетіп, видеоны Wi-Fi арқылы смартфонға жібереді. Ал жасанды интеллект тістердің арасындағы саңылауларды анықтап, сол жерлерге ауыз шайғыш сұйықтықты автоматты түрде шашады. Осылайша, щетка тісті тазалаумен қатар тіс жібі немесе ирригатор қызметін де атқарады.
Dyson мәліметінше, камера секундына 28 кадрды талдайды. Жүйе тістер арасындағы саңылауды анықтағаннан кейін 100 миллисекунд ішінде сол жерге сұйықтық жібереді. Камера түсірген ақпарат құрылғыда сақталмайды және бұлтқа жіберілмейді.
CameraJet кәдімгі тіс пастасы мен ауыз шайғыш сұйықтықпен жұмыс істейді. Болашақта Dyson көпірмейтін арнайы тіс пастасы мен аз көпіретін ауыз шайғыш сұйықтықты да сатуды да жоспарлап отыр.
Бұған дейін Dyson электромобиль жасауға да тырысқан еді. Инженерлер прототип жасап үлгерді, бірақ жоба қаржылық тұрғыдан тиімсіз деп танылып, ақыры тоқтатылды.
- Соңғы
- Қыркүйек, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қыркүйек 2026