Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңбыр мен қар: синоптиктер 4 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады

kz.kursiv.media

Жаңбыр мен қар: синоптиктер 4 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер 4 қыркүйекте бірқатар өңірде ескерту жариялады. Алматы облысының таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл, шығыста үсік жүреді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазгидрометтің» мәліметіне қарағанда, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысында жаңбыр жауып, бұрқасын болуы мүмкін.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Күндіз тау бөктері мен таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түседі.

«Таулы жерлерде аз мөлшерде жаңбыр жауып, артынша қар жауады», – деп хабарлады синоптиктер.

Түркістан облысында қатты жел болатыны болжанып отыр. Күндіз оның екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін. Өңірдің батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шымкент пен Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында да шаңды дауыл тұруы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін, Абай облысында -2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысында тұман түседі.

Сонымен қатар «Қазгидромет» елдің бірқатар оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде өрт қаупі жоғары екенін ескертті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар