Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұлдыз Сүлейменова дауға қалған «Абай ұлттық мектебіне» арнайы барды

kz.kursiv.media

Жұлдыз Сүлейменова дауға қалған «Абай ұлттық мектебіне» арнайы барды

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова Алматыға барып, соңғы күндері қоғам назарында болған «Абай ұлттық мектебінің» жұмысымен танысты. Сүлейменова мектеп түлектерімен, педагогтерімен және оқушыларымен кездесіп, білім беру процесіне қатысты мәселелерді талқылады деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алдымен Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектерімен жүздесті. Олардың қатарында журналистер, айтыскерлер және белгілі қоғам қайраткерлері болды.

Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтіп, мектепке қатысты әлеуметтік желілерде көтерілген мәселелер тікелей талқыланды. Атап айтқанда, аудит қорытындысы, мектеп басшылығындағы өзгерістер және оқу процесінің қазіргі жағдайы сөз болды.

Бұдан кейін Жұлдыз Сүлейменова мектеп педагогтерімен кездесті. Ұстаздар оқу процесін ұйымдастыру, мектептің күнделікті жұмысы және өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ ол мектеп ғимараты мен жатақхананы аралап, оқушыларға жасалған жағдаймен танысты. Оқушылармен сөйлесіп, олардың оқу барысы мен мектептегі өмірі туралы пікірлерін тыңдады.

Айта кетейік, бұл кездесу мектепке қатысты соңғы күндері туындаған даудан кейін өтті. Бұған дейін жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде 10,8 млрд теңгеден астам бұзушылық анықталғаны хабарланған еді. Аудит 2023-2025 жылдар аралығын қамтыған. Мектептің бұрынғы басшылығы аудиттен кейін қызметінен кеткен, ал қазір директордың міндетін атқарушы жұмыс істеп жатыр. Аудит қорытындысына қатысты материалдар құқық қорғау органдарына да жолданған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар